Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова «24 KZ» телеарнасының эфирінде жаңа Конституция мен сот төрелігі тақырыбында сөз сөйледі

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова «24 KZ» телеарнасының эфирінде жаңа Конституция мен сот төрелігі тақырыбында сөз сөйледі

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова «24 KZ» телеарнасының эфирінде жаңа Конституция мен сот төрелігі тақырыбында сөз сөйледі.

Ол жаңа Конституцияның заң үстемдігін нығайту және судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды. Енгізілген өзгерістер сот қызметінің сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауға, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, сот ісін жүргізудің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, судьяларды іріктеу және бағалау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ соттардың институционалдық тәуелсіздігін күшейтуге ерекше назар аударылғаны атап өтілді.

Жанат Оспанова Жоғары Сот Кеңесінің судьяларды іріктеу, тағайындау және олардың қызметін бағалау рәсімдерін жетілдіру арқылы тәуелсіз, кәсіби және адал судьялар корпусын қалыптастыруда негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

Дереккөз: 24 KZ