Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесуі өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесуі өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесуі өтті.

Кездесуге Кеңес мүшелері, Кеңес Аппаратының және Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері, сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Кеңес қызметіндегі кадр саясатының тиімділігін арттыруға және судьяларды іріктеу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған негізгі өзгерістерге шолу ұсынылды.

Дмитрий Малахов Мемлекет басшысы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Кеңестің негізгі міндеті – судья лауазымына кандидаттарды іріктеудің барлық кезеңдерінің сапалы, ашық әрі объективті өтуін қамтамасыз ету екенін жеткізді.

Сонымен қатар, ол өткен жылы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен бірқатар бірлескен бастамалар жүзеге асырылғанын, оның ішінде 100-ден астам адамның қатысуымен судьялыққа кандидаттарға арналған қарқынды құқықтық тренинг өткізілгенін атап өтті.

Өз кезегінде Алексей Рогов қалыптасқан ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, бірлескен білім беру бастамаларын жалғастыру және соттық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сот жүйесін дамытуға, судья кадрларын даярлау сапасын арттыруға және озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытатынын растады.