Кандидаттан судьяға дейін

Кандидаттан судьяға дейін

Судья лауазымына іріктеу – кандидаттарға жоғары талаптар қойылатын жүйелі үдеріс.

Жоғары Сот Кеңесі конкурстық рәсімдерді әр кезеңде кандидаттарды кешенді әрі объективті бағалауды қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады – кәсіби білімінен бастап жеке қасиеттеріне дейін.

Іріктеуден өткен судьялар өз тәжірибелерімен бөлісіп, конкурстық кезеңдерден өту барысы туралы баяндады.

Бұл ашықтық, бірыңғай талаптар және объективтілік қағидаттарының іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын айқын көрсетеді.

Әрбір кезең кандидаттардың сот төрелігін жүзеге асыруға дайындығын жан-жақты бағалауға бағытталған.

Іріктеудегі жүйелі тәсіл – кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың негізгі кепілі.