
Ұлттық спорт түрлері күні
20 наурыз күні Наурызнама аясында Ұлттық спорт түрлері күні атап өтіледі.
Ұлттық спорт түрлері – бұл тек жарыс емес, халықтың тарихы, дәстүрі мен дүниетанымының көрінісі.
Олардың ішінде садақ ату ерекше орын алады. Бұл спорт түрінің тамыры көшпенділер дәуірінен бастау алады. Сол кезеңде садақ ату өмірлік маңызды дағды болып, күштің, дәлдіктің және төзімділіктің символы саналған.
Бүгінде садақ ату дәстүр мен заманауи спорттық тәсілдерді үйлестіре отырып, қарқынды дамып келеді.
Жоғары Сот Кеңесі ұлттық спорт түрлерін дамытуға, мәдени мұраны сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайды.