
Ұлттық киім - ұлттық болмыстың және мәдени мұраның символы.
Ұлттық киім халықтың тарихын, тұрмыс-тіршілігін және салт-дәстүрін бойына сіңірген. Оның ерекше ою-өрнектері, пішімі мен әрбір бөлшегі ұлттық құндылықтарды, ата-баба мұрасына деген құрметті және ұрпақтар сабақтастығын айқын бейнелейді.
Ұлттық киім арқылы мәдениетке деген тиесілілік сезімі мен өз дәстүріне деген мақтаныш көрініс табады. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен Кеңес ұжымында әр жұма сайын ұлттық киім кию дәстүрі қалыптасып, игі үрдіске айналды.
Ұлттық киім тек мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде де өзектілігін жоғалтпайды. Ол мәдени құндылықтарды сақтауға және оларды келер ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Ұлттық киім - өткенмен байланыс, бүгінгі мақтаныш, болашаққа аманат.