
Құрметті әйел судьялар!
Сіздерді Әйел судьялардың халықаралық күнімен құттықтаймын.
Әйелдер Қазақстанның сот жүйесінде маңызды орын алып, әділдік, заңдылық және құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, принципшілдіктеріңіз және сот төрелігіне адал қызмет етулеріңіз қоғамның сотқа деген сенімінің берік негізі болып табылады.
Жоғары Сот Кеңесі меритократия, ашықтық және тең мүмкіндіктер қағидаттарына негізделген жоғары кәсіби деңгейдегі судьялар корпусын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Әйел судьялардың сот жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі осы тәсілдердің тиімділігін айқын көрсетеді.
Жауапты әрі маңызды еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және сот төрелігіне қызмет ету жолында жаңа табыстар тілеймін.
Құрметпен, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов