
Судьяларды конкурстық іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды судьялық лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысатын кандидаттар туралы пікірімен бөлісуге шақырады.
Пікірді Кеңестің сайтында ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін «Судья лауазымына кандидаттар туралы пікіріңіз» бөлімінде қалдыруға болады. «Конкурс күні» бағанында 29.01.2026 күнін таңдау керек. Пікірлер ағымдағы жылғы 20 наурызға дейін қабылданады (өту)
Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Бұдан басқа, кандидаттар конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат өтеді, оған адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді.