«Qazaq Uni» газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың Сот төрелігі академиясындағы білім беру бағдарламаларындағы жаңашылдықтарға арналған мақаласы жарияланды

«Qazaq Uni» газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың Сот төрелігі академиясындағы білім беру бағдарламаларындағы жаңашылдықтарға арналған мақаласы жарияланды

«Qazaq Uni» газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың Сот төрелігі академиясындағы білім беру бағдарламаларындағы жаңашылдықтарға арналған мақаласы жарияланды.

Мақалада Жоғары Сот Кеңесінің басшылығымен Сот төрелігі академиясы жүзеге асырып отырған судья кадрларын даярлау жүйесіндегі негізгі өзгерістер таныстырылған.

Алғаш рет ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура ашылып, бұл даярлықтың ғылыми және аналитикалық құрамдас бөлігін едәуір күшейтті. Докторантура бағдарламаларына лицензия алынып, сот жүйесіне арналған кадрларды даярлаудың толық циклі қалыптастырылуда. Бұл жүйе болашақ судьяларды да, қызметтегі судьяларды да қамтиды.

Жоғары Сот Кеңесінің басшылығымен Сот төрелігі академиясы қызметтегі судьяларға арналған біліктілікті арттыру курстарын және мамандандырылған бағдарламаларды ұйымдастырады. Бұл олардың кәсіби деңгейін жоғары деңгейде ұстап тұруға және сот практикасына заманауи тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету және құқықтың әртүрлі салаларынан мамандарды тарту қажеттілігі туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдан бастап бюджет қаражаты есебінен оқу мүмкіндігі жеке сектор заңгерлеріне де қолжетімді болады.

Жоғары Сот Кеңесінің стратегиялық басшылығымен Сот төрелігі академиясы заманауи, кәсіби тұрғыда жоғары деңгейде даярланған, әділ сот төрелігінің міндеттерін тиімді атқара алатын және қазіргі заңнама талаптарына жауап беретін судьялар корпусын қалыптастыруда.

Дереккөз: Qazaq Uni