Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Республикалық нотариаттық палата Төрағасы Олег Полумордвиновпен кездесу өткізді.
Кездесуге Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнұр Рыспекова қатысты.
Өзінің алғы сөзінде Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесі судьялар корпусын қалыптастыру тәсілдерін қайта қарағанын, соның ішінде сабақтас құқықтық мамандықтардан мықты заңгерлерді тартуға басымдық берілгенін атап өтті.
«Біз нотариат корпусын болашақта судьялар қатарын толықтыра алатын ең дайын резервтердің бірі деп санаймыз. Тәжірибелі нотариустар теориялық даярлықпен қатар, мұрагерлік, жер және корпоративтік құқық сияқты күрделі салаларда терең қолданбалы білімге ие, бұл азаматтық юрисдикция соттары үшін айрықша маңызды», — деп атап өтті Дмитрий Малахов.
Өз кезегінде Республикалық нотариаттық палата өкілдері институционалдық өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екендерін білдіріп, тұрақты кәсіби диалог құрудың маңызын атап өтті және сот жүйесінің кадрлық әлеуетін қалыптастыру бағытында бірлескен жұмысқа дайын екендерін жеткізді.
Мұндай бастамалар сот билігі мен нотариат қауымдастығының жүйелі өзара іс-қимылы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, құқық қолдану қызметінде нотариустардың практикалық тәжірибесін тереңірек ескеруге және заңнаманы қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл, түптеп келгенде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қызмет етеді.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Республикалық нотариаттық палата Төрағасы Олег Полумордвиновпен кездесу өткізді.