
Отырыс барысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысын қызметінен босату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстары қаралды.
Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңының талаптарына сәйкес Астана қалалық соты, Алматы қалалық соты және Жамбыл облыстық соты төрағаларын тағайындау жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Барлық бос лауазымдарға ұсыныстар баламалы негізде енгізіледі, бұл іріктеу рәсімдерінің бәсекелестігі мен объективтілігін қамтамасыз етеді.
Талқылау нәтижесінде Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсыныстарын қолдап, кәсіби тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ең білікті әрі тәжірибелі судьяларды ұсынды.
Дмитрий Малаховтың төрағалығымен Жоғары Сот Кеңесі өз қызметін заңдылық, ашықтық және айқындық қағидаттарына негіздей отырып жүзеге асырады. Бұл кадрлық шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етіп, елдің кәсіби, тәуелсіз және тұрақты судьялар корпусын қалыптастыруға ықпал етеді.