Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлері үшін құқықтық жалпыға бірдей оқыту бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кезекті оқыту семинарлары өткізілді

Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлері үшін құқықтық жалпыға бірдей оқыту бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кезекті оқыту семинарлары өткізілді

Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлері үшін құқықтық жалпыға бірдей оқыту бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кезекті оқыту семинарлары өткізілді.

Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі шақырылған спикер — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы бастығының орынбасары Аубакиров А.М.-мен бірлесіп «Интернет-алаяқтықтың алдын алу және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында ақпараттық ортадағы заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, интернет-алаяқтықтың алдын алу және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға кибер-алаяқтықтың ең кең таралған схемалары, фишингтік шабуылдарды тану тәсілдері, қызметтік және жеке цифрлық ресурстарды қауіпсіз пайдалану қағидалары, сондай-ақ құпия ақпарат пен дербес деректерді қорғау шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жан-жақты түсіндірмелер беріп, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар алынған жағдайда қолданылатын іс-қимыл тәртібі және оларды заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тапсыру тетігі егжей-тегжейлі баяндалды.

Аталған семинарларды өткізу қызметкерлерде құқыққа сай мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және Аппарат қызметкерлері арасында адалдық пен парасаттылық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Құқықтық жалпыға бірдей оқыту бағдарламасын іске асыру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын одан әрі жетілдіру және Кеңес қызметінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалғасын табатын болады.