Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьяларына арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьяларына арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьяларына арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде.

Оқу офлайн форматта, яғни күндізгі түрде ұйымдастырылған. Бағдарлама судьялардың жеке және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Курстарға еліміздің барлық өңірлерінен аудандық соттардың отызға жуық судьясы қатысуда.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі элементтерінің бірі – оқытушылар құрамының жоғары деңгейі. Курстардың лекторлары ретінде Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот пен облыстық соттардың судьялары, Кеңес Аппаратының қызметкерлері, Кеңес жанындағы Сот жюриінің төрағасы, отандық жетекші ғалымдар – заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары білікті практик мамандар, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы дәріс оқиды.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов кіріспе сөз сөйледі.

«Сот төрелігінің сапасы судьяның кәсіби дайындығына, кадрларды қатаң іріктеуге және құзыреттерді тұрақты түрде жетілдіруге тікелей байланысты. Тек осылай ғана мықты, тәуелсіз және кәсіби судьялар корпусын қалыптастыруға болады», – деп атап өтті Д. Малахов.

Курстар барысында қылмыстық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелері, оның ішінде алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қараудың ерекшеліктері, үкімдердің заңдылығы мен негізділігі, жаза тағайындаудың құқықтық регламентациясы, сот актілерін сапалы жасау, Судья әдебі кодексінің негіздері, судьялардың тәртіптік жауапкершілігі және Сот жюриінің қызметі қарастырылады.

Айыптау мен қорғау мәселелеріне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі нормаларын оңтайландыру контексінде қылмыстық істерді мәні бойынша шешуге, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстарды саралауға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар құқық қолдану практикасының өзге де өзекті аспектілері талқыланады.

Сот төрелігі академиясы базасында офлайн-курстарды іске асыру Жоғары Сот Кеңесінің судья кадрларын даярлау жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге айналып, судьялар корпусының кәсіби деңгейін нығайтуға және сот практикасының бірізділігін қалыптастыруға бағытталған.