
2026 жылғы 2-30 наурыз аралығында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы «Азаматтық-құқықтық дауларды қарау және шешу кезінде құқықтың жекелеген салаларын қолдану ерекшеліктері» тақырыбында референдиат курстарының үшінші кезеңін онлайн форматта өткізеді.
Бағдарлама Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.
Курс Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін тыңдаушыларға арналған.
Курстың мақсаты тыңдаушыларды азаматтық-құқықтық дауларды шешу үшін қолданылатын құқық салалары бойынша заңнаманың негізгі нормативтік ережелерімен таныстыру болып табылады.
Онлайн-курс кәсіби білімді тереңдетуге және сот жүйесінде болашақ қызметке қажетті тәжірибелік дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Курстың ұзақтығы — 36 академиялық сағат (дәрістер сағат 16:30-дан 18:00-ге дейін өткізіледі).
Формат — онлайн.
Өтініштерді қабылдау мерзімі — 2026 жылдың 25 ақпанына дейін.
Оқу аяқталған соң тыңдаушыларға Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының сертификаты беріледі.
Қатысу үшін өтініш пен тыңдаушының сауалнамасын жолдау қажет.
Курс бағдарламасымен Академияның ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://sta.edu.kz
Анықтама үшін байланыс телефондары:
+7 (7172) 71-08-49,
+7-707-958-33-45.