
Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ-нің Қостанай академиясының жазалауды орындауды ұйымдастыру және қылмыстық құқықығы кафедрасының профессоры Айдарқан Сқақов Сот төрелігі академиясының магистранттары үшін қонақ дәріс өткізді.
Дәріс барысында Қазақстанның қылмыстық саясатының өзекті мәселелері, оның ішінде қылмыстық заңнаманы жетілдіру, қылмыстың алдын алу, жазалардың тиімділігі және қылмыстық әділетті реформалаудың заманауи тәсілдері қарастырылды.
Дәріс ашық диалог форматында өтті. Магистранттар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті, бұл мазмұнды кәсіби пікірталас құруға мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, сот қызметінің практикалық мәселелерін талқылауға, сондай-ақ судья мамандығына қойылатын талаптарды және судьялық корпусты қалыптастыру мен даярлаудың ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Жоғары Сот Кеңесі мүшелерінің қонақ дәрістері тұрақты негізде өткізіледі. Аталған бастама Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың ұсынысымен енгізіліп, болашақ судьяларды даярлауда практикалық құрамдасты күшейтуге бағытталған.