Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотта өткен көшпелі дәріске қатысты

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотта өткен көшпелі дәріске қатысты

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотта өткен көшпелі дәріске қатысты.

Іс-шара Академияның оқу бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Академияны дамыту тұжырымдамасына сәйкес әзірленіп, магистранттарды оқытуда практикалық-бағдарлы тәсілді көздейді.

Баяндамалармен Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың судьялары А.Д. Калимукашева, Г.Б. Даулетов, Т.А. Макулов, С.М. Мырзахметов, М.К. Сатыбалдин, сондай-ақ сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Абдиева сөз сөйледі.

Кездесу барысында қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қайта қарау, кассациялық сатыдағы сотқа жүгіну тәртібі мен оның өкілеттіктері, жеке адамға қарсы қылмыстар жөніндегі істерді қайта қараудың ерекшеліктері, сондай-ақ сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Сот төрелігі академиясының магистранттары талқылауға белсенді қатысып, көтерілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, судьялардан нақты түсіндірмелер мен практикалық бағыттағы жауаптар алды.

Өткізілген көшпелі дәріс магистранттардың практикалық даярлық деңгейін арттыруға үлес қосып, сот практикасы мен заң білімінің өзара байланысын нығайтуға ықпал етті.