
Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының 46 бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2026 жылғы 12 ақпанды қоса алғанда мына мекенжай бойынша құжаттарын тапсыруы тиіс:
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Жоғары Сот Кеңесінің қызметі ашықтық, объективтілік және айқындық қағидаттарына негізделеді. Кандидаттарға қойылатын талаптар кәсіби даярлығы жоғары, құзыретті және мінсіз іскерлік беделге ие судьяларды іріктеуге бағытталған.
Кандидаттарды іріктеу нақты әрі объективті өлшемшарттар негізінде, заманауи HR-құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Конкурстың барлық кезеңдері уәкілетті органдардың тексерулерімен сүйемелденіп, оның қорытындылары ашық қолжетімділікте жарияланады.
Іске асырылып жатқан тәсілдер судьяларды іріктеудің сапалы жаңа кадрлық моделін қалыптастырып, іріктеу процесін тұрақты әрі болжамды, ал конкурс рәсімдерін жүйелі және ашық етті.