
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Конституциялық комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Комиссия жұмысы аясында конституциялық нормаларды жетілдіруге қатысты мәселелер, соның ішінде жекелеген мемлекеттік институттардың мәртебесі, конституциялық өкілеттіктерді іске асыру тәртібі және құқықтық айқындықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Адам құқықтарын сақтау мен қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Заңгерлік және сараптамалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен әзірленген жинақталған ұсыныстар ұсынылып, талқыланды.
Комиссияның жұмысы жалпы форматта да, сондай-ақ жұмыс топтары шеңберінде де жүргізілді. Онда құқықтық дәлдік пен құқықтық реттеудің бірізділігін қамтамасыз ету тұрғысынан Конституция нормаларын тұжырымдауға қатысты тәсілдер жұмыс тәртібінде талқыланды.
Комиссия жұмысы жалғасуда.