
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқару комитетінің Төрағасы Алихан Байменовпен жұмыс кездесуі өтті.
Шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Кеңес аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқару комитетінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайын талқылап, бұрын қол қойылған меморандум аясында одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады.
Сондай-ақ судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін жетілдіру шеңберінде іске асырылып жатқан Жоғары Сот Кеңесі қызметіндегі негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар таныстырылды.
Серіктестіктің басым бағыттарының бірі — Кеңес мүшелері мен аппарат қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту, оның ішінде судья лауазымына кандидаттармен сұхбат жүргізудің заманауи әдістемелерін, өзекті HR-құралдары мен бағалау практикаларын қолдану арқылы оқыту болып табылады.
Тараптар судья кадрларын іріктеу рәсімдерінің сапасын, объективтілігін және ашықтығын арттыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделіліктерін растады.