Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті.

Сот жюриінің қарауына 10 судьяға қатысты 11 тәртіптік материал енгізілді. Бір судьяға қатысты екі тәртіптік материал бір тәртіптік іс жүргізуге біріктірілді.

Қарау нәтижелері бойынша 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде төртеуі – сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзуға жол бергені үшін (үш судьяға ескерту, бір судьяға сөгіс түріндегі тәртіптік шараларқолданылды), екеуі – судья әдебі талаптарын бұзғаны үшін (екеуіне де судья қызметінен босату түріндегі жаза қолданылды).

Екі судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізулеролардың әрекеттерінде тәртіптік теріс қылыққұрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Бұдан басқа, екі судьяға қатысты тәртіптік материалдарды қарау кейінге қалдырылды.

Судья оған қолданылған тәртіптік жазаны Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы,сондықтан Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ.

Судьяларға қатысты тәртіптік рәсім заңдылық пен кәсіби әдепті сақтауға, сондай-ақ судьяларды ықтимал қысымнан қорғауға және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен Сот жюриінің жұмысы қайта ұйымдастырылып, тәртіптік рәсімдердің ашықтығы күшейтілді. Адал судьяларды сот басшылығы тарапынан болуы мүмкін қысымнан қорғау тетіктері нығайтылды. Мұндай тәсіл судьялардың тәуелсіздігін арттырып, олардың конституциялық құқықтарының сақталуына кепілдік береді және тәртіптік материалдарды қарау жүйесіне деген сенімді арттырады.

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі әрбір материалды объективті және бейтарап қарауды, тәртіптік шараларды әділ қолдануды және судьялардың конституциялық құқықтарын толық көлемде қорғауды қамтамасыз етеді.