Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сотта өткізілген көшпелі дәріске қатысты

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сотта өткізілген көшпелі дәріске қатысты

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сотта өткізілген көшпелі дәріске қатысты.

Іс-шара Академияның оқу бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Аталған бағдарлама теориялық білімді тереңдетуге және оны тәжірибеде қолдануға бағытталған, сондай-ақ оқу процесін түрлі сот сатыларының қызметімен тығыз байланыстыруды көздейді.

Кездесуді Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы Асқар Смайлов ашты. Дәріске азаматтық істер жөніндегі Кассациялық соттың судьялары, Академияның оқытушылары мен магистранттары қатысты. Іс-шара форматы сот жүйесінің өкілдері мен білім алушылар арасында ашық кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында азаматтық істерді кассациялық тәртіппен қараудың ерекшеліктері, сот практикасының өзекті мәселелері, оның ішінде экологиялық заңнама саласындағы істер бойынша практика, сондай-ақ азаматтық істер жөніндегі кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі талқыланды.

Кассациялық шағымдарды дайындау және қараудың практикалық аспектілеріне, типтік процессуалдық қателіктерді талдауға және сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Магистранттар жоғары қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді қатысып, тәжірибеге бағытталған сұрақтар қойып, кассациялық сатыдағы судьялармен кәсіби пікір алмасты.

Осындай көшпелі дәрістерді өткізу Сот төрелігі академиясы магистранттарын тәжірибеге бағдарланған оқытудың маңызды элементі болып табылады және Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховпен бекітілген Академияны дамыту тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл формат болашақ сот жүйесі кадрларының тұрақты кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, аналитикалық ойлауын дамытуға және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етеді.