«Zanger» журналында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Судьялар корпусын қалыптастырудың жаңа архитектурасы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды

«Zanger» журналында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Судьялар корпусын қалыптастырудың жаңа архитектурасы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды

Мақалада Жоғары Сот Кеңесінің судьялар корпусын қалыптастырудың жүйелі үдерісін қалай жолға қойғаны жан-жақты баяндалады. Бұл үдеріс судьяның бүкіл кәсіби жолын — даярлықтан және біліктілік емтиханынан бастап, мансаптық ілгерілеу мен тәртіптік жауапкершілікке дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

Біліктілік емтиханы енді ай сайын өткізіледі, алайда үміткерлердің шамамен 20 пайызы ғана оны сәтті тапсырады. Бұл жоғары кәсіби және этикалық стандарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Судьялық лауазымдарға арналған конкурстар жедел әрі ашық бола түсті: бір конкурс өткізу мерзімі алты айдан бір жарым айға дейін қысқартылды, ал конкурстар саны жылына екіден алтыға дейін арттырылды.

Іріктеу рәсімдері қоғамдық бақылауға ашық. Заң қауымдастығы өкілдерімен кездесулер мен семинарлар өткізіледі, азаматтар мен кәсіби орта тарапынан берілетін пікірлер ескеріледі. Бұл кадрлық саясаттың ашықтығы мен оған деген сенімді арттырады.

Сот төрелігі академиясының Кеңес құзыретіне берілуі кадрлық және білім беру саясатын бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік берді. Академия оқытушыларының 75 пайыздан астамы — қызметтегі судьялар. Білім беру бағдарламалары жаңғыртылды, ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантура іске қосылды, ал түлектердің 95 пайыздан астамы емтихандарды сәтті тапсырып, конкурстарға толық дайын күйде шығады.

Судьялық бос орындардың саны екі еседен астам қысқартылды, іріктеу үдерісі тұрақты әрі болжамды сипатқа ие болды, ал сот жүйесінің кадрлық саясаты орнықты қалыптасты. Жоғары Сот Кеңесі кәсібилікті, беделді және сот төрелігіне деген қоғамдық сенімді қамтамасыз ететін негізгі институт ретіндегі өз рөлін нығайтты.


ҚР ЖСК Баспасөз қызметі