Жоғары Сот Кеңесінде Зауреш Хамитовна Баймолдинаның 70 жас мерейтойы аталып өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Зауреш Хамитовна Баймолдинаның 70 жас мерейтойы аталып өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Зауреш Хамитовна Баймолдинаның 70 жас мерейтойы аталып өтті.

Салтанатты іс-шараға Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов, Кеңес мүшелері, Аппарат қызметкерлері, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының ұжымы қатысты.

Зауреш Хамитовна — заңгерлік білім беру жүйесінде, әділет органдарында және Президент Әкімшілігінде көп жылдық еңбек өтілі бар мемлекет және қоғам қайраткері. Ол бұрын Әділет министрінің орынбасары қызметін атқарған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болған.

Сонымен қатар, Зауреш Хамитовна Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры қызметін атқарып, судья кадрларын даярлау ісіне және білім беру бағдарламаларын дамытуға елеулі үлес қосты.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов құттықтау сөзінде:«Зауреш Хамитовна Сот төрелігі академиясының дамуына, судья кадрларын даярлауға, білім беру және ғылыми бағдарламаларды нығайтуға айрықша үлес қосты. Оның кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы Академияның және жалпы сот жүйесінің дамуына берік із қалдырды», — деп атап өтті.

Іс-шара барысында Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлері оның судьяларды даярлау жүйесін дамытуға қосқан үлесін атап өтсе, Сот төрелігі академиясының ұжымы білім беру және ғылыми бағдарламаларды дамытудағы, сондай-ақ Академияның институционалдық негізін нығайтудағы еңбегін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Зауреш Хамитовна көрсетілген жылы лебіздер үшін алғыс білдіріп, Жоғары Сот Кеңесі мен Сот төрелігі академиясын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті және еліміздің сот жүйесінің игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.