Жоғары Сот Кеңесінің 2025 жылы судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі қызметінің қорытындылары

Жоғары Сот Кеңесінің 2025 жылы судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі қызметінің қорытындылары

Жоғары Сот Кеңесінің 2025 жылы судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі қызметінің қорытындылары

2025 жылы Жоғары Сот Кеңесі соттарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге және судьялық бос орындарды толықтыруға бағытталған кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізді.

Жалпы алғанда, есепті кезеңде екі жүзден астам жаңа кандидат іріктеліп алынды, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда шамамен үштен біріне артық көрсеткішті құрайды.

Арнайы тексеру мен соттардағы тағылымдамадан өту кезеңдерінен кейін жаңа кадрлар судьялар корпусының құрамын жоспарлы түрде толықтыратын болады.

Кеңес алғаш рет шалғай жерде орналасқан соттарды қоса алғанда соңғы бес жыл бойы толықтырылмай келген 64 судьялық бос орынды толық жапты, бұл өз кезегінде қызмет атқарып жүрген судьялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 2024–2025 жылдары объективті себептермен, атап айтқанда зейнеткерлік жасқа жетуіне және отставкаға шығуына байланысты шамамен 300 судья сот жүйесінен шықты, бұл алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық көрсеткіш.

Объективті себептермен бос судья лауазымдарының өсуіне қарамастан, Кеңес қабылдаған шаралар тек сот жүйесінен шыққан кадрлардың орнын толтыруға ғана емес, бос лауазымдардың жалпы санын қысқартуға және судьялар корпусын жүйелі түрде жаңартуға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, судьялардың өз еркімен өкілеттіктерін тоқтатуы және басқа жұмысқа ауысуына байланысты судьялардың қызметтен кету жағдайларының азайғаны байқалады. Бұған Кеңес Төрағасының судьяларды жеке қабылдауы айтарлықтау оң әсерін тигізді. Жеке қабылдаулар қорытындысы бойынша аудандық соттардың оннан астам судьясы қызметтен кету туралы өтініштерін кері қайтарып алды.

Судьялар корпусын сапалы әрі жедел жаңарту жөніндегі қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша соттардың кадрлық құрамын толықтыру коэффициенті алғаш рет 130 пайызды құрады.

Жалпы алғанда, судья лауазымына біліктілік емтиханын жетілдіру және конкурстық іріктеу кезеңдерін оңтайландыру бағытында Кеңес қабылдаған шаралар соңғы жылдары судьялардың бос лауазымдары санының айтарлықтай қысқаруына және судьялардың қызметтен кету көрсеткішінің төмендеуіне алып келді.

Кеңес Төрағасы  Дмитрий Малаховтың басшылығымен Жоғары Сот Кеңесі кәсіби әрі жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыруға, оны сапалы жаңартуға бағытталған жүйелі және дәйекті жұмысты жүзеге асыруда.