
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен 2025 жылы судья лауазымына арналған біліктілік емтиханын жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қабылданды.
Қабылданған барлық шаралар компьютерлік тестілеуді тапсыру сапасына әсер етті. Атап айтқанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1317 кандидаттың 296-сы тестілеуден сәтті өтіп, 22,5%-ды құрады. Ал бұрынғы көрсеткіші шамамен 50% болған.
Сонымен қатар, кандидаттар біліктілік емтиханының барлық кезеңдерінен бұрынғыдай бір жарым жыл емес, 3–4 ай ішінде өтуде.
Осылайша, 2025 жылы Комиссияның 41 отырысы өткізіліп, оған 329 кандидат қатысты. Олардың ішінде 249 кандидат біліктілік емтиханын сәтті тапсырды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 73 кандидат болған.
Аталған шараларды іске асыру келесідей өзгерістерге әкелді:
Судья лауазымына арналған біліктілік емтиханы рәсімін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар оның жеделдігін, сапасын, ашықтығы мен қолжетімділігін арттырды, бұл алдағы уақытта кадрлық әлеуетті нығайтуға және сот жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.