22–26 желтоқсан аралығында судья лауазымына арналған біліктілік емтиханы аясында компьютерлік тестілеу өтті

22–26 желтоқсан аралығында судья лауазымына арналған біліктілік емтиханы аясында компьютерлік тестілеу өтті

22–26 желтоқсан аралығында судья лауазымына арналған біліктілік емтиханы аясында компьютерлік тестілеу өтті.

Тестілеуге 176 кандидат қатысып, олардың 48-і іріктеуден сәтті өтті. Мұндай нәтиже кандидаттарға қойылатын жоғары талаптармен байланысты, мінсіз бедел мен кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі - міндетті шарттар болып табылады.

Тестілеуден сәтті өткен кандидаттар емтиханның келесі кезеңдеріне - эссе жазуға, кейстік тапсырмаларды шешуге және психологиялық тестілеуден өтуге жіберілді.

2025 жылдың басынан бастап тестілеулер саны артты, бұл кандидаттар үшін зор мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар үміткерлердің дайындық деңгейі мен жеке қасиеттеріне қойылатын талаптар күшейтілді.

Мұндай тәсіл рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ете отырып, судьялар корпусының жоғары стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді. Іріктеуге тек судьялық қызметті жүзеге асыруға шынымен дайын және негізгі іріктеу талаптарына сай келетін кандидаттар ғана жіберіледі.

Еске саламыз, Жоғары Сот Кеңесі біліктілік емтиханына қатысу үшін құжаттарды тұрақты негізде қабылдайды.

 Мекенжайы:Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8, 1В кіреберіс

Байланыс телефондары:74-90-44, 74-95-42, +7 778 290 48 14

Электрондық пошта:

s.salimzhanova@vss.gov.kz

m.turmukhambetova@vss.gov.kz

k.asylbekova@vss.gov.kz