
Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары Әзербайжан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет академиясында екі апталық тағылымдамадан өтті.
Әзербайжандағы тағылымдама алғаш рет ұйымдастырылып, екі елдің академиялары арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.
Бағдарлама барысында қатысушылар Әзербайжанның Жоғарғы Сотының, аудандық және апелляциялық соттарының судьяларымен, адвокаттар қауымдастығының өкілдерімен, сондай-ақ Әділет академиясының, ADA университетінің және Баку мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен практикалық сабақтар мен сараптамалық кездесулерге қатысты.
Магистранттар оқытудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, дәрістердің практикалық бағытта өткенін және әзербайжандық әріптестермен кәсіби тәжірибе алмасудың алғашқы тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті.
Бағдарламаның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мен Әзербайжан Республикасының Сот-құқықтық кеңесі арасындағы қолданыстағы ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы өзара іс-қимылдың нәтижесі болып табылады және кадрлық әлеуетті дамыту мен халықаралық тәжірибе алмасуды кеңейтуге бағытталған.
Алынған білім мен дағдылар алдағы оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде, сондай-ақ болашақ судья ркадрларын кәсіби даярлау үдерісінде қолданылатын болады.
Жоғары Сот Кеңесі халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде кеңейтіп, судьяларды даярлау ісіне озық шетелдік тәжірибелерді енгізу үшін жағдай жасауды жалғастыруда.