Жоғары Сот Кеңесі заң қауымдастығы өкілдеріне арналған онлайн-семинарлар өткізді

Жоғары Сот Кеңесі заң қауымдастығы өкілдеріне арналған онлайн-семинарлар өткізді

Жоғары Сот Кеңесі заң қауымдастығы өкілдеріне арналған онлайн-семинарлар өткізді

Ағымдағы жылы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен заң қоғамдастығы өкілдеріне арналған онлайн-семинарлар циклі алғаш рет ұйымдастырылды.

Іс-шаралар Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың және Кеңес мүшелерінің, Сот жюриі төрағасының, Кеңес Аппараты мен Сот төрелігі академиясы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Жалпы алғанда 40-тан астам онлайн-семинар өткізілді, шамамен 13 мыңға жуық адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары және жеке сот орындаушылары қатысты.

Семинарлар барысында қатысушыларға Жоғары Сот Кеңесінің қызметі, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі және Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясына қабылдау шарттары, судья кадрларын конкурстық іріктеу рәсімдері, сонымен қатар судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін қарау тетіктері жан-жақты түсіндірілді.

Аталған бастама кәсіби заң қоғамдастығы тарапынан кең қолдау тапты. 

Нәтижесінде ағымдағы жылы сот жүйесінде кәсіби қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген кандидаттар санының едәуір артқаны байқалып, бұл судья лауазымдары бос орындарының санын екі еседен астам қысқартуға мүмкіндік берді.

Жоғары Сот Кеңесі ашықтық пен жариялылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сот жүйесіне білікті заңгерлерді тартуға және судья кадрларын іріктеу үдерістеріне қоғамның сенімін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысын одан әрі жалғастыруда.