«24KZ» телеарнасының «Заң бойынша» бағдарламасының кезекті шығарылымы Жоғары Сот Кеңесінің қызметінің нәтижелері мен сот жүйесіндегі реформаларға арналды

«24KZ» телеарнасының «Заң бойынша» бағдарламасының кезекті шығарылымы Жоғары Сот Кеңесінің қызметінің нәтижелері мен сот жүйесіндегі реформаларға арналды

«24KZ» телеарнасының «Заң бойынша» бағдарламасының кезекті шығарылымы Жоғары Сот Кеңесінің қызметінің нәтижелері мен сот жүйесіндегі реформаларға арналды.

Бағдарламада биылғы жылы Кеңес қызметі судьялардың бос лауазымдарын жедел әрі сапалы толықтыруға, сондай-ақ қолданыстағы судьялардың жүктемесін азайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша конкурстық рәсімдердің мерзімдері едәуір қысқартылды. Қазіргі таңда конкурс өткізу мерзімі бұрынғы алты айға жуық уақыттың орнына шамамен бір жарым айды ғана құрайды. Бұл іріктеу сапасына нұқсан келтірмей, конкурстарды өткізу қарқынын арттыруға мүмкіндік берді.

Конкурстық іріктеудің сапасы сақталып қана қоймай, күшейтілді. Судья мамандығына алғаш рет үміткер болып отырған кандидаттар үшін барлық негізгі кезеңдер сақтала отырып, талаптар күшейтілді: заңнаманы білуге арналған тестілеу, эссе жазу, кейстік тапсырмаларды шешу, ауызша әңгімелесу, психологиялық тестілеу және полиграфиялық тексеру.

Бағдарлама жүргізушісі кандидаттарды тексерудің қосымша тетіктері енгізілгенін атап өтті. Олардың қатарына арнайы және құқық қорғау органдарының ақпаратын талдау, сондай-ақ ашық дереккөздер — бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және Әділет министрлігінің борышкерлер базасы арқылы кандидаттардың адалдығымен беделін бағалау кіреді.

Аудандық соттардағы судья бос орындарын толықтыруға қатысты тәсіл жаңартылды. Басымдық қазіргі уақытта судья болып табылмайтын кандидаттарға, соның ішінде Сот төрелігі академиясының түлектеріне берілді. Бұл судьялар корпусын кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.

Судья кандидаттарының резервін қалыптастыру жұмысы біліктілік емтихандарын өткізу жиілігін арттыру есебінен кеңейтілді. Бұл судья мамандығына алғаш рет қадам басатын тұлғалардың аясын едәуір ұлғайтты. Алғаш рет конкурстарда үміткерлер саны бос лауазымдар санынан асып түсуі байқалып отыр, бұл бәсекелестікті күшейтіп, іріктеу сапасын арттырады.

Нәтижесінде, тағылымдамадан өтіп жатқан және арнайы тексерулерден өтетін ұсынылған кандидаттарды ескере отырып, бүгінгі таңда судьялардың бос лауазымдарының саны шамамен екі есеге қысқарды.

Бағдарлама авторы жүргізіліп аталған реформалардың нақты практикалық нәтиже беріп отырғанын және Жоғары Сот Кеңесінің кәсіби, ашық әрі әділ судьялар корпусын қалыптастыру жолындағы жүйелі жұмысын растайтынын атап өтті.