Судьяларды конкурстық іріктеу қорытындылары

Судьяларды конкурстық іріктеу қорытындылары

2025 жылдан бастап Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша судьялардың бос лауазымдарына конкурс өткізу рәсімдері едәуір оңтайландырылды. Бұрын бір конкурс алты айға дейін және одан да ұзақ уақытқа созылса, бүгінде оның ұзақтығы бір жарым айға дейін қысқартылып, конкурстар саны жылына екіден алтыға дейін артты.

Жоғары Сот Кеңесінің қызметі ашықтық, объективтілік және айқындық қағидаттарына негізделген. Сонымен қатар, кәсіби даярлығы жоғары, құзыретті және мінсіз іскерлік беделге ие судьяларды іріктеу мақсатында кандидаттарға қойылатын талаптар едәуір күшейтілді.

Осы шараларды іске асыру:

- судьялар лауазымдарының созылмалы бос қалу мәселесін еңсеруге;

- соттарды өңірлер бойынша біркелкі жасақтауға;

- болжамды кадрлық модель қалыптастыруға;

- қызметтегі судьяларға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Іріктеу нақты әрі объективті өлшемшарттар негізінде заманауи HR-құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Барлық кезеңдер уәкілетті органдардың тексеруімен сүйемелденеді, ал конкурстардың нәтижелері ашық қолжетімділікте жарияланады.

Нәтиже – бұрын тұрақты жоғары деңгейде сақталып келген судьялар вакансияларының айтарлықтай қысқаруы. Жылдың соңына олардың саны екі еседен астам азайды. Мұның ішінде Кеңестен ұсыным алған және қазіргі уақытта заңнамада көзделген рәсімдерден – тағылымдамадан және арнайы тексеруден өтіп жатқан тұлғалар ескерілді, олар аталған рәсімдер аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысына ұсынылатын болады.

Конкурстық рәсімдерге бағаны Кеңестің оң ұсынымын алған судьялар өткізілген кездесулер барысында берді. Олар үдерістің жүйелілігін, объективтілігін және барлық қатысушылар үшін бірыңғай талаптардың сақталуын атап өтті.

Қабылданған шаралардың жиынтығы Жоғары Сот Кеңесінің жұмысында сапалы жаңа кадрлық шынайылық қалыптастырды: судьяларды іріктеу тұрақты әрі болжамды сипат алды, конкурстар жүйелі және ашық болды, ал талаптар барлық қатысушылар үшін бірдей және жоғары деңгейде белгіленді.