Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Академияның Мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры, философия ғылымдарының докторы Бұрбаев Төлеуғали Қайыржанұлының «Құқықтық менталитет: әлеуметтік-философиялық талдау» атты монографиясының тұсаукесері өтті

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Академияның Мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры, философия ғылымдарының докторы Бұрбаев Төлеуғали Қайыржанұлының «Құқықтық менталитет: әлеуметтік-философиялық талдау» атты монографиясының тұсаукесері өтті

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Академияның Мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры, философия ғылымдарының докторы Бұрбаев Төлеуғали Қайыржанұлының «Құқықтық менталитет: әлеуметтік-философиялық талдау» атты монографиясының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері — Е.Ж. Айтжанов және С.С. Жүніспекова, еліміздің жетекші ғалымдары, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Іс-шараны Сот төрелігі академиясының ректорының міндетін атқарушы Қ.Қ. Мусин ашып, ғылыми еңбектің өзектілігін, оның заң ғылымы мен құқық қолдану тәжірибесін дамытудағы маңызын, сондай-ақ автордың Қазақстан Республикасының сот төрелігі жүйесін жетілдіруге қосқан үлесін атап өтті.

Монография құқық философиясының өзекті мәселелерінің бірі — құқықтық менталитетті әлеуметтік философия тұрғысынан талдауға арналған. Еңбекте қоғамның құқықтық шындыққа көзқарасы, құқық нормаларын қабылдау және түсіндіру ерекшеліктері құқықты қолданудың тиімділігіне қалай әсер ететіні ашып көрсетілген.

 Зерттеуде құқықтық сана, құқықтық ойлау және құқықтық мәдениеттің құқықтық менталитетпен өзара байланысына ерекше назар аударылған. Автор құқықтық менталитеттің көпмағыналы, көпқырлы және көпқабатты құбылыс екенін, өзінің күрделілігі жағынан құқықтық сана мен құқықтық ойлаудан асып түсетінін тұжырымдайды.

 Талқылау барысында монографияның негізгі тұжырымдары, оның ғылыми және практикалық маңызы, сондай-ақ алынған қорытындыларды білім беру процесінде және сот органдарының практикалық қызметінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Дмитрий Малаховтың басшылығымен Жоғары Сот Кеңесі Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми бастамаларын жүйелі түрде қолдап келеді және оларды еліміздің заң ғылымын, құқықтық мәдениеті мен құқықтық ойлауын дамытудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырады.