Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста судьяларға қатысты 7 тәртіптік іс қаралды.

Қарау нәтижесінде 4 судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде 2 судьяға ескерту, тағы 2 судьяға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Ал 3 судьяға қатысты тәртіптік іс олардың әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар, бір тәртіптік материалды қарау кейінге қалдырылды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, себебі судья тәртіптік жазаға шағымдану құқығын пайдаланып, Жоғары Сот Кеңесіне жүгінуге құқылы.

Судьяларға қатысты тәртіптік рәсімдер заңдылық пен кәсіби этиканы сақтау, сондай-ақ судьяларды ықтимал қысымнан қорғау және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен Сот жюриінің жұмысы қайта ұйымдастырылып, тәртіптік рәсімдердің ашықтығы күшейтілді. Адал судьяларды сот басшылығы тарапынан болуы мүмкін қысымнан қорғау тетіктері нығайтылды. Мұндай тәсіл судьялардың тәуелсіздігін арттырып, олардың конституциялық құқықтарының сақталуына кепілдік береді және тәртіптік материалдарды қарау жүйесіне деген сенімді күшейтеді.

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі әрбір материалды объективті және бейтарап қарауды, тәртіптік шараларды әділ қолдануды және судьялардың конституциялық құқықтарын толық көлемде қорғауды қамтамасыз етеді.