Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі Айдос Жолманов «Qazaqradiosy» радиосының «Мінбер» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі Айдос Жолманов «Qazaqradiosy» радиосының «Мінбер» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі Айдос Жолманов «Qazaqradiosy» радиосының «Мінбер» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Ол Жоғары Сот Кеңесі судьяларды кез келген араласудан қорғауды қамтамасыз ететін автономды орган ретінде заңнамалық және институционалдық тұрғыдан нығайып келе жатқанын атап өтті.

Соңғы жылдары Кеңестің дербестігі мен жұмысының ашықтығын арттыратын маңызды өзгерістер қабылданды.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі — судьяларды тәртіптік жауаптылыққа тартудың жаңартылған тәртібі: Кеңес жанындағы Сот жюриі енді жоғары тұрған инстанциялар анықтаған заңдылықтың өрескел бұзылуы бойынша барлық істерді қарайды. Бұл сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттырады.

Сондай-ақ Кеңес қарауына берілген Сот төрелігі  академиясына ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа білім беру бағдарламалары мен ғылыми қызметтің дамуы болашақ судьяларды даярлау және қызметтегі судьялардың біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін кеңейтуде.

Айдос Жолманов Мәжілісте Кеңес мүшелерінің нақты санын бекіту және оның құрамын жетілдіру жөніндегі бастамалар да қаралып жатқанын айтты. Бұл — тәуелсіздікті одан әрі күшейтуге және мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған қадамдар.

Жүргізіліп жатқан барлық өзгерістер халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және басты мақсатқа — сот жүйесіне қоғамның сенімін нығайтуға қызмет етеді.