Жоғары Сот Кеңесі жариялаған 2025 жылғы 2 қыркүйектегі кезектен тыс конкурс шеңберінде құқықтың жекелеген салаларындағы — жер, корпоративтік, салық және қаржы салаларындағы мамандармен ауызша сұхбат өтті

Жоғары Сот Кеңесі жариялаған 2025 жылғы 2 қыркүйектегі кезектен тыс конкурс шеңберінде құқықтың жекелеген салаларындағы — жер, корпоративтік, салық және қаржы салаларындағы мамандармен ауызша сұхбат өтті

Жоғары Сот Кеңесі жариялаған 2025 жылғы 2 қыркүйектегі кезектен тыс конкурс шеңберінде құқықтың жекелеген салаларындағы — жер, корпоративтік, салық және қаржы салаларындағы мамандармен ауызша сұхбат өтті.

Конкурстық комиссияның құрамына Кеңестің тұрақты мүшелері, заң қоғамдастығының, прокуратураның өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді. Астанада жұмыс істейтін кандидаттар үшін сұхбат Жоғары Сот Кеңесінің ғимаратында өтті. Басқа аймақтардан қатысушылар онлайн режимінде қосылды. Сұхбатқа барлығы 10 үміткер қатысты.

Сұхбаттың басты мақсаты – судьяның сапалы жұмысына қажетті коммуникативті және кәсіби дағдыларды бағалау болып табылады. Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі кандидаттың құзыреті бойынша жеке баға қояды.

Бұл жұмыс соттарға бейінді мамандарды тартуға бағытталған. Бұл салық, корпоративтік, жер және қаржы істерінің күрделі санаттарын қарау үшін маңызды. Мұндай даулар терең және мамандандырылған білімді қажет етеді.

Бүгінде Жоғары Сот Кеңесі Төраға Дмитрий Малаховтың басшылығымен судьялар корпусын білікті кадрлармен уақтылы нығайтуға мүмкіндік беретін жүйелі және ашық іріктеу тетігін құрды.

Кеңес басшылығы берген жаңа серпін – бұл талаптар мен ашықтықты арттыру. Үміткерлердің кәсіби жетістіктері ғана емес, олардың беделі, құзыреттілігі және құқықтың әртүрлі салаларында жұмыс істеуге дайындығын бағаланады. Мұның бәрі азаматтардың сенімін нығайтуға және сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған.