Жоғары Сот Кеңесінде кезекті аппараттық отырыс өтті

Жоғары Сот Кеңесінде кезекті аппараттық отырыс өтті

Жоғары Сот Кеңесінде кезекті аппараттық отырыс өтті.

Аппараттық отырыс барысында Мемлекет басшысының 2025 жылғы 5 қарашадағы «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлығы және оны Жоғары Сот Кеңесінің, оның Аппараты мен Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының күнделікті қызмет барысына енгізу мәселелері талқыланды.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бұл құжат заңдылық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету қағидаттарын нығайтуға, мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді қалыптастыруға, сондай-ақ елдің ішкі саясатының бірыңғай бағдарларын бекітуге бағытталғанын атап өтті.

«Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысы белгілеген бағдарларды қатаң сақтап, оларды өз жұмысымызда басшылыққа алу», – деп атап өтті Д.Малахов.

Кеңес мүшесі Салтанат Жүніспекова құжаттың мазмұнын жан-жақты ашып көрсеткен баяндама ұсынды. Ол аталған Жарлықтың негізгі ұлттық бағдарларды, ортақ ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, заңдылық, әділдік, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету қағидаттарын ілгерілетуге басымдық беретінін атап өтті.

Кеңесте сондай-ақ Сот төрелігі академиясының соңғы үш оқу жылындағы түлектерінің жұмыспен қамтылуына жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды. Заңнамаға сәйкес, Кеңес түлектердің рейтингін ескере отырып, шалғайдағы соттарға судьялыққа тағайындау үшін ұсынымдар беру құқығына ие. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үздік түлектерге судьялық лауазымдарды таңдау құқығын беру жөнінде ұсыныстар әзірленуде.

Кеңес қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Кеңестің жұмысын жетілдіруге және қойылған міндеттердің тиімді орындалуын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.