Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Ашық алан» диалог алаңы өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Қылмыстық әділет органдарында адамның, азаматтың және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау»

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Ашық алан» диалог алаңы өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Қылмыстық әділет органдарында адамның, азаматтың және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау»

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Ашық алан» диалог алаңы өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Қылмыстық әділет органдарында адамның, азаматтың және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау».

Талқылауға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары, отставкадағы судьялар, Ішкі істер министрлігінің, адвокатураның, елдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының магистранттары қатысты.

Қатысушылар қылмыстық сот өндірісінің сапасы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерінің тиімділігі мәселелерін талқылады. Қылмыстық әділет саласындағы құқықтарды қорғау деңгейі қоғамның мемлекетке және сот билігіне деген сеніміне тікелей ықпал ететіндіктен, бұл тақырып мемлекеттік саясат пен сот-құқықтық реформалар аясында үнемі өзекті болып табылады.

Жоғары Сот Кеңесі өз конституциялық өкілеттіктерін іске асыра отырып, кәсіби, тәуелсіз және орнықты судьялар корпусын қалыптастыруды жүйелі түрде жалғастыруда. Басым бағыттар – судьяларды іріктеу сапасын арттыру, кәсіби этика талаптарын күшейту, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және сот жүйесіне деген сенімді нығайтатын тетіктерді дамыту.

«Ашық алан» диалог алаңы жоғары кәсіби деңгейде өтті. Қатысушылар қылмыстық әділет саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты.

Жоғары Сот Кеңесінің негізгі міндеті – әрбір судьяның әділ сотты еркін, объективті және бейтарап жүзеге асыруына жағдай жасау. Осы бағытта Кеңес талдамалық жұмысты күшейтіп, судьялардың құзыреттерін бағалау стандарттарын жаңартып, азаматтық қоғаммен және кәсіби қауымдастықпен ашық коммуникацияларды кеңейтіп келеді.