Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері магистранттарға қонақ дәрістерін өткізді

Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері магистранттарға қонақ дәрістерін өткізді

Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері магистранттарға қонақ дәрістерін өткізді

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет Кеңес мүшелерінің қатысуымен қонақ дәрістері өтті.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов ұсынған бұл бастама болашақ судьяларды даярлаудың жаңартылған тәсілінің бір бөлігі ретінде магистратураның оқу жоспарына енгізілді.

Мұндай форматтың басты құндылығы — судьяларды іріктеу, бағалау және кәсіби дамыту стандарттарын айқындайтын орган — Жоғары Сот Кеңесінен тікелей білім алу мүмкіндігі.

Кеңес мүшелері магистранттарға:

— заманауи судья қандай құзыреттерге ие болуы керектігін;

— конкурс рәсімдерінен өту кезінде қандай талаптар қойылатынын;

— кандидаттар жиі жіберетін қателерді;

— нақты жұмыс барысында қандай қасиеттер шешуші болатынын түсіндірді.

Сот корпусының өкілдері болып табылатын Кеңес мүшелері сот тәжірибесінен мысалдар келтіріп, судьяның күнделікті жұмысында қажет кәсіби мәдениет, этика және жауапкершілік туралы айтып берді. Практикалық бөлім дәріс мазмұнын толықтыра түсіп, магистранттарға кәсіби күтілімдерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Ал заң қауымдастығынан келген Кеңес мүшелері талдамалық көзқарас ұсынып, құқық қолданудың өзекті тенденцияларын, заманауи заңгерлік қызметтің негізгі қағидаттарын және заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді.

Қонақ дәрістерін енгізу — болашақ судьяларды даярлау жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Жаңа формат магистранттарға Жоғары Сот Кеңесінің көзқарасын тікелей түсінуге, сондай-ақ судьяның кәсіби қабілеттілігін айқындайтын шынайы қасиеттерді тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.