
Мемлекет Басшысының соттарды іріктеу процесін жетілдіру және оның әділдігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасы аясында Жоғары Сот Кеңесі заманауи цифрлық инфрақұрылым құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Кеңесте Дмитрий Малаховтың төрағалығымен жобаны іске асырудың аралық нәтижелері — судьяларды іріктеу үшін жаңа ақпараттық жүйені әзірлеу талқыланды.
Жаңа жүйе кандидаттарға іріктеудің барлық кезеңінен оперативті, айқын және артық бюрократиясыз онлайн өтуге мүмкіндік береді. Ол арқылы елдің кез келген өңірінен құжаттарды тапсыру, біліктілік емтиханынан өту және іріктеу нәтижелерін жеке кабинет арқылы қадағалауға болады.
Автоматтандыру және жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы жүйе адами факторды азайтып, барлық қатысушылар үшін объективтілік, бейтараптық және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов атап өткендей, соттарды іріктеуді цифрландыру жобасы тек жаңа технологияны енгізу емес, іріктеудің әділ және ашық процесс философиясына өту болып табылады:
«Біз әрбір кандидат құжат тапсырудан бастап нәтижесі щыққанға дейінгі өз жолын көре алатын жүйені жасап жатырмыз. Цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтері ашықтық пен сенімділікті қамтамасыз етеді».
Бұрын судьяларды іріктеу конкурсы жарты жылға дейін созылуы мүмкін еді. Соңғы жылдың ішінде бұл мерзім шамамен бір жарым-екі айға қысқартылды. Ақпараттық жүйені енгізу арқылы процестерді одан әрі оңтайландыру жоспарлануда - конкурс уақыты шамамен бір айға дейін қысқарады деп күтілуде.
Жүйеде сондай-ақ кандидаттардың портфолиосы қалыптасады: конкурсқа қайта қатысу кезінде құжаттарды жаңадан жинаудың қажеті болмайды — барлық деректер цифрлық түрде сақталады.
Кандидат әр кезеңнің нәтижесін жеке кабинетінде көре алады және кезеңдердің күндері мен уақыты туралы хабарламалар алады.
Айрықша назар адалдық пен ашықтыққа аударылады: жүйе кәсіби қасиеттерді, мүдделер қақтығыстарын, туыстық байланыстар мен беделге қатысты тәуекелдерді тексеруге мүмкіндік береді.
Конкурс рәсімдері мен біліктілік емтиханынан басқа, жүйе Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігі академиясындағы іріктеу процесін де қамтып, Кеңес, оның Аппараты мен Академияны біріктіретін біртұтас цифрлық экожүйе қалыптастырады.
Осылайша, Дмитрий Малахов басшылығымен Жоғары Сот Кеңесі заманауи, ашық және әділ судьяларды іріктеу процесін қалыптастырып, Цифрлық Қазақстан рухына және Мемлекет Басшысының қойған мақсаттарына толық сай келеді.