
Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын көтеру және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған кезекті оқыту семинарлары өткізілді.
Бағдарлама мемлекеттік органдар қызметі үшін практикалық маңызы бар екі өзекті тақырыпты қамтыды:
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына докторантураға қабылдау
— 2025 жылы алғаш рет Сот төрелігі академиясында докторантура ашылды;
— Академияның судьялар мен судья болуға кандидаттардың кәсіби дамуын қамтамасыз ететін негізгі ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі маңыздылығы атап өтілді;
— Қабылдау тәртібі мен шарттары туралы ақпарат ұсынылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас мәдениеті мен қағидаттары
— Пікір білдіру және жария коммуникация негіздері қарастырылды;
— Тақырып аясында Кеңес басшылығының жұмыс ашықтығына, айқындығына, сондай-ақ сөз сөйлеудегі әдептілік пен жауапкершілікке ерекше мән беретіні атап өтілді;
— Қоғам алдында сөз сөйлеу және БАҚ-пен байланыс жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Семинарлар қызметкерлерге білімдерін кеңейтуге, практикалық түсініктемелер алуға және кәсіби қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Білім беру іс-шаралары Жоғары Сот Кеңесінің құқықтық мәдениетті нығайту, құзыреттерді дамыту және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.