Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті.

8 судьяға қатысты 8 тәртіптік материал қаралды.

Қарау нәтижелері бойынша 4 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде екеуі – сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзуға жол бергені үшін (оларға ескерту түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды), екеуі – судья әдебі талаптарын бұзғаны үшін (бір судьяға еcкерту түріндегі, екінші судьяға – сөгіс түріндегі шаралар қолданылды).

Төрт судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды, оның ішінде бір судьяға қатысты – жасалған тәртіптік теріс қылықтың теріс құқықтық салдарының болмай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соқтырмай, маңыздылығы шамалы болуына байланысты, сондай-ақ тағы үш судьяға қатысты – олардың атқарып отырған қызметтерінен өз еркімен босатылуына байланысты.

Судья оған қолданылған тәртіптік жазаға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы, сондықтан Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне  енген жоқ.

Жоғары Сот Кеңесінің және Сот жюриінің қызметі сот жүйесіне сенімді нығайтуға, тәртіптік рәсімдер шеңберінде судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады.

Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік практиканы жетілдіру және судьялардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда.