Конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі - судья лауазымына үміткерлермен ауызша сұхбат

Конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі - судья лауазымына үміткерлермен ауызша сұхбат

Конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі - судья лауазымына үміткерлермен ауызша сұхбат

2025 жылғы 1 қазанда Жоғары Сот Кеңесі жариялаған конкурс аясында судья болып табылмайтын үміткерлер Конкурстық комиссиямен ауызша сұхбаттан өтті.

Конкурстық комиссия құрамына Кеңестің тұрақты мүшелерімен қатар заң қауымдастығының, прокуратураның және HR саласының өкілдері кіреді.

Астана қаласында жұмыс істейтін үміткерлер үшін сұхбат Жоғары Сот Кеңесінің ғимаратында ұйымдастырылды. Ал еліміздің басқа өңірлерінен қатысушылар сұхбаттан онлайн форматта өтуде.

Барлығы 42 үміткер сұхбаттан өтті, олардың барлығы бұрын бұл кезеңнен өтпеген қатысушылар.

Бұл кезеңнің мақсаты — үміткерлердің судьялық міндеттерді сапалы атқаруға қажетті коммуникативтік және кәсіби құзыреттерінің деңгейін анықтау.

Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі үміткердің жеке және кәсіби қасиеттерін жекелей бағалап, нәтижелерді бағалау парағына енгізеді. Сол парақтар негізінде әр үміткердің орташа балы есептеледі.

Төраға Дмитрий Малаховтың басшылығымен Кеңес судьялық корпусқа білікті кадрларды уақытылы іріктеуді қамтамасыз ететін жүйелі әрі ашық іріктеу тетігін қалыптастырды.

Ауызша сұхбат Жоғары Сот Кеңесі өткізетін конкурстардың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады және бос судьялық лауазымдарды уақтылы толықтыру бойынша тұрақты жұмыстың маңызды бөлігі саналады.