
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бастаған делегация Әзербайжан Республикасына жұмыс сапары аясында бірінші сатыдағы және апелляциялық сатыдағы бірқатар соттарға барды.
Сапардың мақсаты – соттарды кадрлық қамтамасыз ету тәсілдерін, судьяларды іріктеу және ілгерілету рәсімдерін, сондай-ақ Әзірбайжанның Сот-Құқық Кеңесімен өзара іс-қимыл тәжірибесін зерделеу.
Кездесулерде кадрлық резервті қалыптастыруға, бос лауазымдарға тағайындау тәртібіне және судьялардың кәсіби дамуына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ кадрлық рәсімдердің автоматтандырылуы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық шешімдер талқыланды.
«Жоғары Сот Кеңесі судьялық кадрларды іріктеу мен кадрлық резервті қалыптастыру мәселелері бойынша Әзербайжан Республикасының Сот-Құқықтық Кеңесінің тәжірибесін зерделеуге мүдделі. Мұндай тәжірибе алмасу кәсіби әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастырудың тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді» - деп Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов атап өтті.
Жұмыс сапары екі елдің сот кеңестері арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға және судьяларды іріктеу, даярлау мен ілгерілету рәсімдерін жетілдіруге бағытталған құнды тәжірибе алуға мүмкіндік берді.
Жоғары Сот Кеңесі сот жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту және өз қызметінде заманауи құралдарды енгізу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.