
Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлеріне арналған құқықтық жалпы оқыту бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған кезекті оқу семинарлары өткізілді.
Бағдарлама күнделікті қызметтік іс-әрекетте практикалық маңызы бар үш өзекті тақырыпты қамтыды:
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде заң техникасы қағидаларын сақтау
-нормативтік құжаттардың құрылымы, тілі мен стиліне қойылатын негізгі талаптар қарастырылды;
-актілер жобаларын дайындау кезінде жиі кездесетін қателіктер талданды;
-олардың ішкі үйлесімділігі, заңи дәлдігі және заңнамалық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге баса назар аударылды.
Интернет арқылы өткізілетін құмар ойындарына және (немесе) бәс тігулерге қатысуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзудың алдын алу
-мемлекеттік қызметшілердің ойын бизнесіне қатысуын реттейтін заңнама нормалары түсіндірілді;
-бұзушылықтар мен тәртіптік жауапкершілік мысалдары келтірілді;
-онлайн-платформалар арқылы құмар ойындарына қатысу тәуекелдерінің алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын есептеу тәртібі және материалдық ынталандыру мәселелері
-лауазымдық айлықақыларды, үстемеақылар мен сыйақыларды есептеу тәртібі түсіндірілді;
-көтермелеу беру негіздері мен шарттары талданды;
-еңбекақы төлеу жүйесіндегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Семинарлар барысында Аппарат қызметкерлері өзекті сұрақтарға жауап алып, күнделікті қызметте заңнаманы қолдану бойынша практикалық түсіндірмелерге ие болды.
Білім беру іс-шаралары Жоғары Сот Кеңесінің құқықтық мәдениетті нығайту, кәсіби дағдыларды дамыту және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.