Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов халықты құқықтық ақпараттандыру мен нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысты

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов халықты құқықтық ақпараттандыру мен нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысты

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов халықты құқықтық ақпараттандыру мен нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысты.

«Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында норма шығармашылықты және халықты құқықтық ақпараттандыру бойынша басым міндеттердің іске асырылуы» тақырыбындағы дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.

 Іс-шараға Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Парламент депутаттары, сот жүйесінің өкілдері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ ғылыми және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Дмитрий Малахов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы барлық билік тармақтарының жұмысына жаңа бағдар бергенін және онда басқару, құқық шығармашылығы мен құқық қолдану үдерістерін цифрландыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Жоғары Сот Кеңесі судьялыққа кандидаттарды іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөледі. Кандидаттардың іріктеуден барынша ашық және автоматтандырылған процестер арқылы өтуіне мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құру жұмысы жүргізілуде», – деді Д.Малахов.

Сондай-ақ ол Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясы оқу үдерісіне және сот тәжірибесін талдауға цифрлық шешімдер енгізіп, жасанды интеллект технологияларын зерттеп, оны оқу процессіне енгізу жолдарын жан-жақты қарастырып жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органдар қызметінде цифрлық құралдарды дамыту, оның айтуынша, норма шығарушылықтың сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді.

Іс-шараға қатысушылар заңнаманы жетілдіру және құқық үстемдігі қағидаттарын нығайту мақсатында мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің және сараптамалық қауымдастықтың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.