Жоғары Сот Кеңесі мен Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Сотпен, Сот әкімшілігімен және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен бірлесіп, судья лауазымына үміткерлер мен құқық саласының өкілдеріне арналған қарқынды құқықтық тренингтің екінші толқынын бастайды

Жоғары Сот Кеңесі мен Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Сотпен, Сот әкімшілігімен және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен бірлесіп, судья лауазымына үміткерлер мен құқық саласының өкілдеріне арналған қарқынды құқықтық тренингтің екінші толқынын бастайды

Жоғары Сот Кеңесі мен Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Сотпен, Сот әкімшілігімен және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен бірлесіп, судья лауазымына үміткерлер мен құқық саласының өкілдеріне арналған қарқынды құқықтық тренингтің екінші толқынын бастайды.

Тренинг кімге арналған?

Қатысуға Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Заңының 29-бабында белгіленген талаптарға сәйкес азаматтар шақырылады.

Ұйымдастырушылар көрсетілген талаптарға сай келмейтін азаматтарды тренингке қатыстырмауға құқылы.

Тренинг бағдарламасы туралы:

Қарқынды құқықтық тренинг – Қазақстан Республикасының сот жүйесі үшін жоғары білікті кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған үш апталық оқу бағдарламасын құрайды.

Бағдарлама аясында қатысушылар:

  • Тестілеуге дайындық;
  • Эссе жазу техникасы;
  • Кейс шешу әдістемесі;
  • Психологиялық тесттілеуді өтуге дайындық;
  • Сұхбаттасу техникасы бағыттары бойынша кешенді дайындықтан өтеді.

Өткізу кезеңдері:

▪Онлайн кезең: 2025 жылғы 24  қараша мен  5 желтоқсан  аралығы;

▪Офлайн кезең: 2025 жылғы 15-20 желтоқсан  аралығы.

 Өткізілетін орны: Астана қ.

Біліктілік емтиханы: қатысушылар 2025 жылғы  22-24 желтоқсан аралығында бағдарлама нәтижесі бойынша біліктілік емтиханынан өтеді.

Біліктілік емтиханына қатысу үшін тренингтің қатысушысы құжаттар пакетін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Регламентіне сәйкес Біліктілік комиссиясына тапсыруы тиіс.

Тренингке қатысу - біліктілік емтиханын сәтті тапсыруға кепілдік бермейді.

Қатысушыларды қолдау:

Кіріспе тестілеу нәтижелері бойынша ең жоғары ұпай жинаған 12 қатысушыға Астана қаласында өтетін офлайн-тренингке жолақысы мен тұру шығындарын өтеу қарастырылған.

Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдері.

Қатысу шарттары:

  • Қатысушылар әкімшілік лауазымға және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарға арналған тестілеуден өтеді Тіркеу eGov порталы арқылы жүзеге асырылады. Тестілеуден өткені туралы сертификат өтінімге қоса тіркеледі.

Құжаттарды жіберу:

Өтінімдер Google Form арқылы қабылданады.

Тренингке қатысты сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: Dana.Ubaidolla@osce.org

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 12 қараша, 23:59-ға дейін.