Республика күні мерекесі қарсаңында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында достық волейбол турнирі өтті

Республика күні мерекесі қарсаңында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында достық волейбол турнирі өтті

Турнирге Кеңес Аппаратының қызметкерлері, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары қатысты.✅

Бұл шара ұжымдағы бірлікті нығайтып, ынтымақтастық пен өзара түсіністік ахуалын қалыптастыруға ықпал етті.🌀

Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар жоғары спорттық дайындық деңгейін, бірлікті және жеңіске деген жігерді көрсетті.🥇

Ерекше көзге түскен ойыншылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
«Үздік шабуылшы» — Азиз Лесбеков;
«Үздік байланыстырушы» — Тоқтар Амренов;
«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» — Әйгерім Қыздарбай;
«Үздік қабылдаушы» — Гүлбаршын Берішбаева.❗️

Кеңес басшылығы ұжымды нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше мән береді. Турнир тиімді қызметтің негізі болып табылатын бірлік пен өзара құрметтің айқын көрінісіне айналды.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі