Жоғары Сот Кеңесінде 2025 жылғы 3 қазандағы Президент Жарлығымен тағайындалған Кеңестің жаңа мүшелері таныстырылды

Жоғары Сот Кеңесінде 2025 жылғы 3 қазандағы Президент Жарлығымен тағайындалған Кеңестің жаңа мүшелері таныстырылды

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов Оспанова Ж.А., Кененбаев С.С. және Скаков А.Б.-ға Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің төсбелгісін табыстап, оларды жаңа лауазымға кірісуімен құттықтап, Мемлекет басшысы айқындаған сот кадрларын іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттерді іске асыруда олардың кәсібилігі мен тәжірибесі маңызды ресурс болатынына сенім білдірді.⏺

Өз сөзінде Дмитрий Малахов Кеңестің қызметінің басым бағыттарын айқындап, судьяларды іріктеу мен ілгерілету рәсімдерінде ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.⏺

Төраға Кеңестің жұмысындағы ашықтық пен жариялылық мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол Кеңес мүшелерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына және азаматтарды жеке қабылдауға белсенді қатысуы қоғамның сот билігіне деген сенімін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.⏺

Сонымен қатар, Дмитрий Малахов Кеңеске келіп түсетін судьяларды іріктеу мен ілгерілетуге қатысты материалдарды жан-жақты зерделеудің, сондай-ақ болашақ судьяларға практикалық тәжірибені жеткізуге бағытталған Сот төрелігі академиясының білім беру бағдарламаларына Кеңес мүшелерінің қатысуының маңыздылығын атап өтті.❗️

Кездесу қорытындысы бойынша Төраға Кеңестің жұмыс тиімділігін арттыруға, кадрлық рәсімдерді жетілдіруге және судьялар корпусын қалыптастыру саласында Мемлекет басшысының тапсырмаларын дәйекті орындауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі