«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жоғары Сот Кеңесінің ұжымы жалпы қалалық сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жоғары Сот Кеңесінің ұжымы жалпы қалалық сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жоғары Сот Кеңесінің ұжымы жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

Іс-шара Мемлекет басшысының экологиялық бастамаларын қолдау және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды.

Сенбілікке Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов, Кеңес мүшелері және Аппарат қызметкерлері қатысты.

Кеңес ұжымы Бұхар Жырау көшесі бойына 50-ден астам жөке, шетен және қарағаш көшеттерін отырғызды.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және Кеңестің әлеуметтік әрі экологиялық мәдениет қағидаттарына адалдығын көрсететінін атап өтті.

«Мұндай шаралар ұжымды біріктіріп, әркімге қаланы абаттандыру мен табиғатты сақтау ісіне өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», - деді Дмитрий Малахов.

Мұндай бастамалар Жоғары Сот Кеңесінің қызметінде игі дәстүрге айналып, ұжымның бірлігін нығайтуға, ортақ мақсатты сезінуге және қоғам мен қоршаған ортаға қамқорлық қағидаттарына берік ұстанымын айқындауға ықпал етуде.