Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Шетелдік сот және төрелік шешімдерін тану және орындаудың тиімді тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Шетелдік сот және төрелік шешімдерін тану және орындаудың тиімді тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Шетелдік сот және төрелік шешімдерін тану және орындаудың тиімді тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға судьялар, Әділет министрлігінің өкілдері, сот орындаушылары мен заң ғылымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар өзге мемлекеттердің соттары мен төреліктері қабылдаған шешімдерді тану және орындау туралы заңнаманы қолданудың негізгі мәселелерін қарастырып, практикалық қиындықтар мен рәсімдерді жетілдіру жолдарын талқылады.

Пікір алмасу барысында халықаралық тәжірибеден алынған мысалдар мен нақты мәселелер көтерілді. Талқылау қорытындысы бойынша құқықтық тетіктерді жетілдіру және уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ теория мен тәжірибені ұштастыру, сот және атқарушылық органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өзге мемлекеттердің шешімдерін орындауда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сот төрелігі академиясы Жоғары Сот Кеңесінің қолдауымен кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу алаңы ретінде құқықтық мәдениетті нығайтуға және Қазақстанның сот жүйесін дамытуға өз үлесін қосуда.