Судья кадрларын даярлау мәселелеріне арналған халықаралық конференция мен Өзбекстан Республикасының Сот төрелігі академиясының ашылуы аясында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сотының Төрағасы Бахтиёр Исломовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар кадрлық саясатты дамыту мен судьяларды кәсіби даярлау мәселелерін, сондай-ақ институционалдық өзара іс-қимылды нығайту және судьялар корпусын қалыптастырудағы озық тәжірибиемен алмасу мәселелерін талқылады.
Дмитрий Малахов Қазақстан мен Өзбекстанды сот жүйесін дамыту және Сот төрелігі институттарының тиімділігін арттыру бағытындағы ұқсас міндеттер байланыстыратынын атап өтті. Ол судьяларды іріктеу мен даярлау саласындағы тәжірибе алмасу, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу және елдер арасындағы кәсіби байланысты нығайту мықты әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыруға ықпал ететінін атап көрсетті.
Өз кезегінде Бахтиёр Исломов екі елдің сот органдары арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды жолға қоюдың маңыздылығын атап өтіп, кадр саясаты, біліктілікті арттыру және судья қызметінің заманауи стандарттарын енгізу мәселелерінде тәжірибе алмасудың өзектілігін айтты. Ол ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдіріп, мұндай кездесулер кәсіби байланыстарды тереңдету мен өзара сенімді нығайтудың негізін қалайды деп атап өтті.
Кездесу екі елдің сот органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және жоғары кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.