Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды конкурстық іріктеу

Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды конкурстық іріктеу

Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды конкурстық іріктеу

Қазақстанда судьялық лауазымдарға тағайындау тек қана конкурс арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары Сот Кеңесі конкурстық рәсімдерді қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады.

Жоғары Сот Кеңесі конкурстық іріктеу рәсімін кезең-кезеңімен жаңғыртып, бүгінгі күні ол үміткерлерді бағалаудың көпсатылы және жүйелі тетігіне айналды.

Конкурсқа қатыса алады:

  • Кеңес жанындағы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған тұлғалар;
  • Сот төрелігі академиясының түлектері;
  • жүйе ішінде ауысқысы келетін жұмыс істеп жүрген судьялар;
  • бұрын судьялық лауазым атқарған тұлғалар.

Конкурстық іріктеу рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

  • хабарландыруды жариялау және құжаттарды қабылдау;
  • талаптарға сәйкестігін тексеру;
  • цифрландыруға жатпайтын мәліметтер бойынша кешенді бағалау;
  • цифрлық критерийлер бойынша автоматтандырылған бағалау;
  • қоғам пікірін зерделеу;
  • құзыреттілік бойынша сұхбат (жұмыс жасап жүрген судьялардан басқа үміткерлер үшін);
  • Конкурстық іріктеу комиссиясының отырысы;
  • Жоғары Сот Кеңесінің қорытынды отырысы.

Конкурстың барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы барлық ақпарат Кеңестің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Жоғары Сот Кеңесі Төраға Дмитрий Малаховтың басшылығымен ішкі үдерістерді оңтайландыру есебінен өткізілетін конкурстар санын арттырды. Бұл ретте іріктеу сапасы төмендеген жоқ, керісінше үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Мұндай жұмыс бос лауазымдарды уақтылы толтыруға және жұмыс жасап жүрген судьялардың жүктемесін азайтуға бағытталған.